Оценил серию на отлично. ГГ - школьник из выпускного класса, вместе с сотнями случайных людей во сне попадает в мир летающих островов. Остров позволяет летать в облаках, собирать ресурсы и развивать свою базу. Новый мир работает по своим правилам, у него есть свои секреты и за эти секреты приходится сражаться.
Плюсы
1. Интересный, динамический сюжет. Интересно описан сам мир и его правила, все довольно гармонично и естественно.
2. ГГ
подробнее ...
неплохо раскрыт как личность. У него своя история семьи - он живет с отцом отдельно, а его сестра - с матерью. Отношения сложные, скорее даже враждебрные. Сам ГГ действует довольно логично - иногда помогает людям, иногда действует в своих интересах(когда например награда одна и все хотят ее получить)
3. Это уся, но скорее уся на минималках. Тут нет километровых размышлений и философий на тему культиваций. Так по минимуму (терпимо)
4. Есть баланс силы между неспящими и соперничество.
Минсы
Можно придраться конечно к чему-нибудь, но бросающихся в глаза недостатков на удивление мало. Можно отметить рояли, но они есть у всех неспящих и потому не особо заметны. Ну еще отмечу странные отношения между отцом и сыном, матерью и сыном (оба игнорят сына).
В целом серия довольно удачна, впечатление положительное - можно почитать
Если судить по сей литературе, то фавелы Рио плачут от зависти к СССР вообще и Москве в частности. Если бы ГГ не был особо отмороженным десантником в прошлом, быть ему зарезану по три раза на дню...
Познания автора потрясают - "Зенит-Е" с выдержкой 1/25, низкочувствительная пленка Свема на 100 единиц...
Областная контрольная по физике, откуда отлично ее написавшие едут сразу на всесоюзную олимпиаду...
Вобщем, биографии автора нет, но
подробнее ...
непохоже, чтоб он СССР застал хотя бы в садиковском возрасте :) Ну, или уже все давно и прочно забыл.
болған манчжур хандарының ұзақ жылғы ұрыстары екінші жағынан берекесін алып, бұлардың бұрынғыдай іргелі ел болып отыруына мүмкіндік бермеді. Оның үстіне негізгі кәсібі мал бағу болған, әр аулы әр бөлек қонған монғол шонжарларына қыс — қыстау, жаз — жайлау жетпей, елге қоныс, малға өріс тапшылығы тағы бір пәле болды. Әсіресе батыс монғол тайпалары — Чорас, Ойрат, Торғауыт, Төлеуіт рулары Қытай боғдыхандарының тегеурініне шыдай алмай атамекен қоныстарын тастап, жер іздеп босып кеткен. Бір бөлегі Сібір жеріне, қалғаны Ертіс бойына, Тарбағатай тауына қарай ойысты. Қалмақ аталған бір бөлегі жер іздеп, көше-көше тіпті Еділдің төменгі сағасына өтіп кетіп, Айдархан (Астрахань) маңайында көшпелі аймақ боп тұрып қалды. Батысқа қарай ығысқан бұл елдерді Қытай боғдыхандары Сібірге, қазақ жеріне және Орта Азияға өзінің ықпалын жүргізудегі алдыңғы шебі деп санады. Ал бұл зұлымдық саясатқа көнгісі келмей, өздеріне қарсы шыққан кей қонтайшыларды ауыл-аймағымен, бала-шағасына дейін қалдырмай қырып тастап отырды. Енді Қытай зардабынан қорыққан жұрт ойысып кеп, Тарбағатай тауын, Іле өзенінің сағасын, Жайсан (Зайсан) көлінің өңірін мекендеді.
Осы арада олар аман қалған руларын жинап көшпелі мемлекет — Жоңғар хандығын құрған. Бір мың алты жүз отыз төртінші жылы бұл хандықтың қонтайшысы боп Хара-Хұла батырдың баласы Батур сайланған. Бұл қонтайшының маңына енді Енисей, Ертіс өзендерінің жағасын жайлаған монғолдың басқа да ұсақ рулары жинала бастады. Өстіп Жоңғар хандығы үлкен күшке айналған. Ол өзінің ордасын Зайсан көлінің жағасына көшірген. Дәл қасында пайда бола қалған көшпелі жауынгер мемлекетке Қытай саясатшылары енді қобалжи қарады…
Батур қонтайшы өзі өлгенше орыс патшаларымен тату бола отырып, Жоңғар хандығын күшейтуді арман етті. Батур негізгі саясатын Қытай боғдыхандарының ақылымен Оңтүстік Сібір мен қазақ жерін алуға құрды. Алдымен ол Тәуекел ханмен, соңынан Есім ханмен сан айқасты, бірақ дегеніне жете алмады.
Батур өлгеннен кейін оның орнын үлкен ұлы Сэнгэ, содан кейін кіші баласы Қалден басты. Қалден Қытай императорының жарлығы бойынша осы кезде бас көтеріп ереуілге шыққан, өздерімен қандас Шығыс Монғолияның орта шарқы руларын аямай қырды. Бұл ара енді құлазыған қу далаға айналды. Сөйтсе де, жоңғардың қарақұрым боп өсіп келе жатқан мал басына жайылым тағы таршылық етті. Сонда барып Қалден Бошұқты Жоңғар хандығын Қалқа өңірін қосып алып, кеңейтпек болды. Осы саясатпен ол қонтайшы ордасын Іле өзенінің жағасына Тувадағы Хемчик өзенінің бойына, соңынан Қобда өзенінің төменгі сағасына көшірді. Бұл кезде Жоңғар хандығына Тибет, Енисей өзенінің өңіріндегі қырғыз рулары мен бүкіл Алтай тауының аймағы кірді. Осыншама жерге қожа болған Жоңғар қонтайшысы енді Қалқаны да қосып аламын деп жорыққа аттанды. Бірақ Қытайдың Манчжур (Цин) хандығынан жеңіліп қап, Қалқаны Қытай алды. Осы жорықтан тұрмастай болып күйреген Қалден өзін-өзі бауыздап өлтірді. Қалден өзінің үстемдігін жүргізіп тұрған кезінде, бақ күндесім болмасын деп ағайын-туыстарын да аяған жоқ. Бас көтергенін құртып жіберіп отырды. Осындай құртам деген жақынының бірі, немересі Сыбан Раптан Турфанға қашты. Қалден Қалқаны қосып аламын деп жорыққа аттанғанда, Сыбан Раптан өз еліне қайтып келіп, Буратал өзенінің бойын жайлады. Бірте-бірте ол бүкіл Жоңғар елін өзіне бағындырды. Қалден өзін-өзі өлтіргеннен кейін, бір мың алты жүз тоқсан жетінші жылы бүкіл Жоңғар қонтайшысы осы Сыбан Раптан болды. Сыбан Раптан Қытай еліне әкесінің інісі Қалденнен кем жау болған жоқ, Қытай императорымен сырт байланысы түзу саналғанмен, көршілес қалаларына шабуылын тоқтатпады. Ал Сыбан Раптан, баласы Қалден Церенмен қосылып, Халш дуанын тонаудан бастап Қытайға қарсы соғыс ашқанда, Джунгоның жаңа Цин династиясының императоры Канси сол жылы Жоңғар жерін бүтіндей бұрынғы өздерінің князьдарына қайтарып, Сыбан Раптанға Ертіс бойынан ғана шағын жайылым қалсын деп «Фимен» (жарлық) берді. Бұл жарлық бойынша Сыбан Раптан Қытай боғдыханы өкілін қатыстырып, Жоңғар елінің Құрылтайын шақыруға міндетті еді. Құрылтайдан кейін Қытай еліне шабуыл жасай берген Жоңғар хандығы енді қазақ жеріне беттеуге тиісті. Сөйтіп Қытай боғдыханы өзімен итжығыс түсіп жүрген қазақ халқын да мұқатпақ болды. Бұны істемесе, Қытайдың қалың әскерін Сыбан Раптанға қарсы аттандырып, Жоңғар ордасын біржолата күл-талқан етеміз деп қорқытты. Қытай мен Жоңғар хандығының арасында жойқын соғыс басталатыны мүмкін боп қалғандай еді, бірақ Қытай шекарасындағы Жоңғар рулары Кансидің қаһарынан ығып, енді Ілені құлдилай төмен көшіп, көбі Алтынемел тұсына келіп орналасқан. Қонтайшы Сыбан Раптан Іле өзенінің күнгейі, Сарын шаһарының күншығыс тұсына өзінің ордасын тікті.
Бірақ, сонау Қытай шекарасынан көшіп келген қалың Жоңғар елі бір Іленің бойына сияр ма, әрине, сыймайды. Қалайда қоныс кеңіту керек… Осы кезде Канси қаза тапты. Бірақ Канси өлгенмен, оның қалың әскері қалды. Жоңғардың Қытайға күш-қуаты жетпейді, жармасары баяғы --">
Последние комментарии
3 часов 34 минут назад
3 часов 44 минут назад
3 часов 57 минут назад
4 часов 5 минут назад
4 часов 47 минут назад
5 часов 2 минут назад